
📌Қайырлы күн! Багдат Ерсайынович, Сізге тағы да рахметімді айтқым келеді. Мұндағы таң яғни сіз бастаған топ дәрігерлердің науқастармен жылы амандасып, хал сұрауынан басталады. Әрине бұл керемет көрініс.
Сіздей тәжірибелі маманға ота жасатып, шипалы ем алып шығуыма бар күші мен біліктілігін жұмсап жатқандарыңызға көп рахмет. Жара таңушы мамандарыңыздың ұқыптылығы, жылы сөздері мен емделушілерге деген ыстық ықыластарының өзі дертке дауа деп есептеймін.




